Студенттердің міндеттері
3.1.Ішкі тәртіп ережелері, колледж жарғысы, студент пен колледж арасындағы келісім талаптарын бұлжытпай орындауға;3.2.Кошеде, колледжде қоғамдық орындарда, қоғамдық орынды сақтауға, теріс қылықтарға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге, өзі де айналыспауға, есірткіге, нашақорлыққа, зиянды әдеттерге әуестенбеуге;
3.3.Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда өзінің жоғары мәдениетті, салауатты, көргенді отбасынының, ортаның ұл-қыздары екендігін көрсете білуге, өзгелерге үлгі бола білуге;
3.4.Адамгершілік, имандылық, отансүйгіштік, ұлттық намысқойлық қасиеттерді қастерлеуге;
3.5.Өзі білім алып жатқан білім ұясының мүлкін көз қарашығындай сақтауға, күтіп ұстауға, оқушы жиһаздарына, қабырғаларға жазу, сызу сияқты мәдениеттілікке жат іс-әрекеттер жасамауға;
3.6.Сабақтан кешікпеуге;
3.7.Сабақтан себепсіз қалмауға, себепті жағдайлармен сабаққа қатыса алмаса, сол күні сабақ басталғанға дейін колледжге (топ жетекшісіне) хабарлауға;
3.8. Колледждің педагог қызметкерлерін өзгелердің ар-намысын, өзге ұлттың салт-дәстүрі мен әдет – ғұрпын, мәдениетін құрметтеуге;
3.9. Үзіліс кезінде каридорда жүгірмеуге, дауыс көтеріп айқайламай жүруге. Оқу процесі, емтиханның өтуіне кедергі келтірмеуге;
3.10.Ата-ананың абырой беделіне, ар-намысына тіл тигізетіндей іс-әрекеттерге, теріс қылықтарға бармауға;
3.11.Қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартыландығын әрдайым есіңе алып жүр; Ол үшін қылмыстық, құқықтық әкімшілік туралы заңдарды оқып-үйренуге, бұл жөнінен де сауатсыз қалмауға;
3.12. Оқушылар мен студенттер мынадай жағдайда колледж есебінен шығарылады:
- осы ішкі тәртіп ережелерін өрескел бұзған, орындамаған, орындаудан бас тартқан;
- құқық бұзушылық, жекелеп немесе топтасып қылмыстық, бұзақылық іс-әрекеттер жасаған;
- ұлтаралық қатынасқа зардабы тиетін бұзақылықтар, топтасып қоқанлоқы жасаған, түрлі ұлттық өшпенділік, экстремистік, қылмыстық топтарға қатысқан;
- есірткі, нашақорлық заттарды пайдаланған;
- қасақана колледж мүліктерін пайдалануға жарамсыз етіп бүлдірген;
- ұзақ мерзім (45 сағаттан жоғары) белгісіз себептермен сабаққа және семестр, сессияға қатыспаған;
- оқу ақысын дер кезінде төлемеген;
- 3 пәннен артық акедемиялық қарызы бар, сынақ, емтихан тапсырмаған;
- құқықбұзушылыққа, қылмыс жасауға бейімділігі бойынша құқық қорғау органдарында есепте тұратын немесе есепке алынған;