Миссия:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылыққа негізделген, заманауи талаптарға сай, бәсекеге қабілетті, жан- жақты және үйлесімді тұлға тәрбиелеу

Ұстанымы:

«Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» – білім алушылардың, педагогтардың, жұмыс берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың мүддесінде жұмыс істейтін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттың ортасы және қазіргі заманғы инфрақұрылымы бар, жаңа технологиялармен жұмыс істеудегі білімі мен дағдысы бар, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандары бар білім мекемесі. 2019 – 2024 жж. Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың негізгі міндеттері:
-Мамандықтар мен біліктіліктердің, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұнын әлеуметтік серіктестер және жұмыс берушілердің тапсырыстарына сәйкес ұдайы жаңарту, жетілдіру;
-Оқу үдерісіне жаңа техника мен технологияның, өндірісті ұйымдастырудың осы заманғы жетістіктерін, дуальдік, модульдік оқыту жүйесінің озат әдістерін енгізу;
-Жоғары білікті педагогтар ұжымын қалыптастырып, олардың сапалық құрамын ұдайы жақсарту. Озық педагогикалық тәжірибелер мен үздік оқытушылар еңбегін моральдық және материалдық ынталандыру;
-Пән кабинеттері мен зертханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтып, оқу-әдістемелік деңгейін ұдайы арттыру;
-Колледж бен әлеуметтік серіктестер өндірістік-технологиялық практикаларының базалары мекемелерімен байланысты тереңдету, барлық мамандықтарға дуальдік,модульдік оқыту жүйесін енгізу;
-Озат оқу топтары мен үздік студенттерді марапаттау мен насихаттау, оқу жылы қорытындысымен танымдық-тәрбиелік саяхаттар ұйымдастыру. Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру;
-Студент жастарды Қазақстандық патриотизм мен «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына тәрбиелеу;
- Білім беру саласындағы өзекті мәселелерге байланысты мамандардың қатысуымен түрлі семинарлар өткізу;
- Конференциялар, on-line жүйесіндегі шеберлік сабақтары;
- Техникалық және көрнекілік оқыту құралдарын, оқу құрал-жабдықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді алуға, сонымен қатар жөндеу-құрылыс жұмыстарына бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту;
- Білім алушылардың әлеуметтік және азаматтық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу.
Қойылған мақсаттарға жетудің негізгі бағыттары мен жолдары.
Басты мақсат — 2024 жылға қарай отандық білім берудің халықаралық деңгейдегі позициясын нығайту мүддесінде жүйелі оқытудың жаңа сапасына қол жеткізу үшін жоғары білікті орта деңгейдегі мамандарды дайындау бойынша колледждің жетекші позицияларын нығайту және дамыту.
Колледждің 2023 жылға қарай стратегиялық көрінісі:
— білім берудегі құзыреттілік тәсілге көшу;
— жұмыс берушінің қажеттілігін ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту;
— білім беру сапасын тиімді басқару және оқу процесін басқару тетіктерін жетілдіру, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Колледж білім мен ғылымның толыққанды бірігуіне, білім беру, зерттеу және басқару қызметінің барлық салаларында шығармашылық инновацияларға ұмтылады. Стратегиялық даму шеңберінде колледждің бірегей ұйымдастырушылық және адами капиталы білім сапасы болып табылады, бұл тек беделге ғана емес, тұрақтылыққа да елеулі үлес қосады.
Стратегиялық даму жоспары іске асырылуда:
2019-2024 жылдар:
1. Кадрлық әлеуетті қалыптастыру, жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту және қызметтің басым бағыттарын жетілдіру, басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру; білім берудің озық құзыретті-бағдарланған стандарттарын қалыптастыру және тарату, материалдық-техникалық базаны нығайту, өнеркәсіпте әріптестік және сараптамалық желіні қалыптастыру .
2. Бейінді білім беру, бизнес-бағыттар бойынша жетекші позицияларға шығу; өңірдің, елдің мүдделеріне нақты бағдарланып, бәсекелестік ортаға бейімделудің жоғары дәрежесі бар халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар ретінде кадрлар даярлау.

Даму мақсаттары:

  • негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын тиімді, сапалы, заманауи білім беру жүйесін қалыптастыру;
  • жас ұрпақты сапалы оқыту және саналы тәрбиелеу үшін қажетті оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие және шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру;
  • рухани және физикалық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге, адамгершілік қасиеттерді дамытуға, кәсіби және азаматтық борышын орындауға қабілетті жастарды дайындау;
  • тұлға мен қоғамның мүдделеріне және қажеттіліктеріне сәйкес колледждің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
  • Даму міндеттері:

    1. ҚР «Білім туралы» Заңы мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және басқа білім беру мен тәрбиеге қатысты құқықтық нормативтік актілер талаптарын жүзеге асыру;
    2. Білім алушыларға ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті орта кәсіптік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім беру және шеберлік пен дағдыны қалыптастыру;
    3. Сапалы білім беру мақсатында:
    - «сапалы білім-білікті маман-жұмыспен қамту» моделімен бағдарланған бәсекеге қабілетті кәсіби маман дайындау;
    - дуалдық оқыту эксперименттік бағдарламасын жүзеге асыру;
    - инновациялық идеялар мен ғылыми жаңалықтарды жобаға енгізу;
    - оқытушылардың біліктілігі мен оқыту шеберліктерін арттыруда біліктілік курстарын ұйымдастыру
    - оқушылар білімін объективті бағалау, бағалардың көтермеленуіне жол бермеу.
    4. Оқытудың материалдық-техникалық базасын нығайту, жетілдіру, жаңарту, толықтыру мақсатында:
    1) Озық тәжірибелі оқытушылардың әдістемелік құралдарын таратып, баспадан шығару;
    - 2) Кітапхана қорын электронды оқулықтармен, аудио-бейне материалдарымен және әдістемелік оқу-құралдарымен қамтамасыз ету;
    - 3) Жылу жүйесін қайта жөндеуден өткізу.
    5. Басшылық пен бақылауды нығайту, жетілдіру мақсатында:
    - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыруды жетілдіру;
    - оқытушылардың тақырыптық-ғылыми шығармашылық, іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуын жүйелендіру;
    - озық тәжірибелерді пайдалану, тарату;
    - әдістемелік жұмысты жандандыру;
    - колледжді білікті педагогтармен қамтамасыз ету;
    - оқу-өндірістік практикалардың сапалы өтілуі үшін өндіріс орындарымен арадағы байланысты нығайту;
    6. Саналы тәрбие беру мақсатында:
    - білім алушыларды ұлттық патриотизм мен елжандылыққа, имандылыққа, мемлекеттік рәміздерді, өзгенің құқығын құрметтеуге, халықтың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қоғамға жат іс-әрекеттерге төзбеуге тәрбиелеу;
    - құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын алуда Құқықтық кеңес жұмыстарын жандандыру, Үкімет қаулыларын жүзеге асыру;
    - діни экстремизмге қарсы насихат бағдарламасын дайындау;
    - оқу-тәрбие процесі бойынша ата-аналармен байланысты нығайту;
    - әр топтағы тәрбие жұмысының талапқа сай жүргізілуі үшін топ жетекшілерінің жауапкершілігін күшейту;
    - құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнату, кездесулер ұйымдастыру, бірлескен іс-шара жасау;
    - ҚР Президентінің «Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру шаралары туралы» Қаулысын құқықтық тәрбие жұмысында басшылыққа алу, жүзеге асыру;
    - Тәрбие жұмысын тәрбие бағыттары бойынша үйлестіру, ұйымдастыру, білім алушыларды рухани мәдениеттіліке баулу.
    7. Білім алушыларға өндірістік практика қорытындысы бойынша жұмысшы біліктілік санатын беруді қамтамасыз ету.
    8. Талапкерлерді қажетті мөлшерге дейін оқуға тартуға қол жеткізу.
    9. Қысқа мерзімді курстар жұмыстарын жандандыру.