Колледждің ішкі тәртіп ережелері
1.Жалпы ережелер
1.1.Ішкі тәртіп ережелері ҚР «Еңбек кодексі», «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарына, колледж жарғысына, оқушылармен колледж арасындағы келісімге, еңбек шартына негізделіп жасалынған заңды құжат болып табылады.
1.2. Ішкі тәртіп ережелері талаптарын колледждің әрбір қызметкері және оқушылары мен студенттері орындауға міндетті.
1.3.Ішкі тәртіп ережелері колледждің педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
1.4.Ішкі тәртіп ережелерінің мақсаты колледжішілік еңбек тәртібімен адамгершілік, мәдениеттілік, құқықтық, педагогикалық - этика нормаларының сақталуын реттеу болып табылады.
1.5.Ішкі тәртіп ережелері, оның талаптарын орындамай бұзған қызметкерлер мен студенттерге жауапкершілік шараларын қолдануға немесе еңбек шарты мен оқушы, студенттермен жасасқан келісімдерді әкімшілік бастамасымен бұзуға негіз болады.
1.Жалпы ережелер
Колледж өз қызметін «Білім туралы», «Кәсіпорын туралы», «Коммерциялық ұйымдар туралы», «Азаматтық кодекс», «Еңбек кодексі» заңдарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және басқа да білім саласына қатысты мемлекеттік құқықтық – нормативтік актілерге, колледж жаоғысына және осы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Колледж ережелері колледж педагогикалық кеңесінде талқыланып, қабылданады, колледж бұйрығымен бекітіледі.
Колледж директорын тағайындау, жұмыстан босату, мекемені қайта құру мен тарату құрылтайшының қаражаты және басқа заңдарда тиым салынбаған жолдарымен қаржыландырылады.
Колледж директоры өз орынбасарларын, бөлімше басшыларын, оқытушыларды, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және босатады. Колледж құрылтайшы бекітіп берген мүліктерді ҚР Заңдарына сәйкес пайдаланады.
Мекеменің басты міндеттері:
Жалпы білім және орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру, қолданбалы түрдегі ғылыми зерттеулерді жүргізу, орта кәсіптік мамандарды даярлау, қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық, мәдени және дене дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін оқушыларды тоқтаусыз тәрбиелеу және оқыту, оларға білім беру.
Колледжге оқушылар қабылдаудың тәртібін құрылтайшымен келісе отырып колледж директоры белгілейді. Талапкерлер үшін жеңілдіктер әр жыл сайын директор бұйрығымен анықталды.
Оқушыларды колледж есебіне алу, мамандықтар бойынша топтарды анықтау, басқа білім мекемесінен мекемеге, бір мамандықтан екіншісіне ауысу директор бұйрығымен рәсімделеді.
Колледждің білім беру қызметін басқаратын орган – педагогикалық кеңес болып табылады. Оның құрамы 5 жыл мерзімге сайланады. Педагогикалық кеңес құрамы қажеттілігіне қарай әр жыл сайын өзгеруі мүмкін.
Колледжде педагогикалық қызметпен айналысуға тиісті кәсіптік білім, ең кем дег
енде 5 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар азаматтар қабылданады.
Колледжде оқу жылы бірінші қыркүйектен басталады.
Оқу мерзімі жарғыда белгіленген жағдайларға сәйкес қысқартылуы, оқу бағдарламасын алдын - ала өту процестері жүргізілуі мүмкін.
Жұмыс аптасы 6 күн болып белгіленген. Жұмыс уақыты сағат 9-00ден 18 -00ге дейін.
2. Колледждің міндеттері
2.1.Сапалы мамандар даярлаудың барлық мүмкін шараларын жүргізуге;
2.2. Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
2.3.Оқытушылардың шығармашылық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға, оған бағыт-бағдар беруге;
2.4.Оқытушылардың оқыту шеберліктерін, біліктілігін арттыру шараларын жүргізуге;
2.5.Білім алушылар сапасын және оқыту сапасын арттыруға бағытталған сабаққа қажетті оқу құралдарымен, оқу көрнекіліктерімен, лабораториялық тәжірибе оқу материалдарымен қамтамасыз етуге;
2.6.Оқушылар мен студенттерді сабақтан тыс спорт, мәдени және ғылыми іс-шараларға, үйірмелерге қатыстыруға;
2.7.Сабақтан тыс мезгілде қосымша білім беру қызметін, факультативтік сабақтар ұйымдастыруға;
2.8.Оқушылар мен студенттер білім сапасын анықтау мақсатында аралық бақылау, ағымдағы бақылау жұмыстарын жүргізуге;
2.9.Білім алушылардың сабаққа жүйелі қатысуын қатаң бақылауға алуға;
2.10.Білім алушылармен жасасқан келісім талаптарының, колледжішілік тәртіп ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау, ол талаптар бұзылған немесе білім алушылар тарапынан орындалмаған жағдайда ҚР құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес тиісті шара қолдануға;
2.11.Колледжде еңбек тәртібінің бұзылмауын қамтамасыз етуге;
2.12.Жоғарғы басшы органдар алдында есеп беруге;
2.13.Қызметкерлерге жалақы мен қызмет ақысын ай сайын төлеуге;
2.14.Қызметкерлерді кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткізуге міндетті;
3.Колледждің құқықтары
3.1.Барлық қызметкерлерден, оқушылардан, студенттерден еңбек тәртібінің, ішкі тәртіп ерекшіліктерінің, заң талаптарының, оқушылармен жасалған келісімдердің, еңбек шарттарының, қызметтік міндеттердің мүлтіксіз орындалуын талап етуге;
3.2.Осы ереженің 3.1-тармағында көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда ҚР құқықтық-нормативтік актілер негізінде тәртіптік жаза беруге, келісімдерді «Жұмыс берушінің» немесе «Оқу орнының» бастамасымен бұзуға;
3.3.Қызметкерлерді мекемеішілік басқа жұмысқа ауыстыруға;
3.4.Қызметкерлерді Еңбек кодексінің 89,90-баптарына сәйкес үстеме жұмысқа тартуға;
3.5.Қызметкерлерді еңбек кодексінің 99-шы және 109-баптарына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға, кезекті еңбек демалысынан шақыртып алуға;
3.6.Қызметкрлерден, оқушылардан, студенттерден колледж мүлкіне келтірілген залалы үшін өтемақы төлеттіруге;
3.7.Педагог қызметкерлерден оқыту сапасын арттыру жауапкершілігін талап теуге;
3.8.Педагог кадрлардан оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалануды, ғылыми-әдістемелік іс-тәжірибелерін жинақтауды, жетілдіруді, тақырыптық шығармашылық жұмыстарды талап етуге;
3.9.Қызметкерлерден педагогикалық-қызметтік этиканы сақтауды талап етуді;
3.10.Жазғы каникул кезінде жаңа оқу жылына оқушыларды жинау, тарту, үгіт-насихат, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуді әр қызметкерге жүктеуге;
4.Қызметкерлердің міндеттері
4.1.ҚР Еңбек кодексі, «Білім туралы» және басқа қолданыстағы құқықтық-нормативтік актілер мен мекемеішілік тәртіп ережелері, колледж жарғысы, еңбек шарты талаптарын және педагогикалық кеңес қаулыларын мүлтіксіз орындауға;
4.2.Оқыту сапасын және студент білім сапасын арттыруға, өзінің шығармашылқ қызметін дамытуға, ғылыми-әдістемелік жағынан біліктілігін көтеруге;
4.3.Оқытудың жаңа технологиясын меңгеруге, пайдалануға;
4.4.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын орындауға, іске асыруға, студенттердің білім ситандарты талабынан төмен емес деңгейде білім мен біліктерін, дағдысын қалыптастыруға;
4.5.Орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге;
4.6.Күнделікті өткізетін сабақтарын ғылыми-әдістемелік бағытта дайындауға, уақытты тиімді пайдалануға;
4.7.Студенттердің сабаққа жүйелі қатысуын, үй тапсырмасын жүйелі орындауын, сабақтан тыс уақытта қосымша әдебиеттерді пайдалануын қадағалау;
4.8.Колледж құпиялылығын жарияламауға;
4.9.Педагогикалық, қызметтік әдептілік нормаларын сақтауға;
4.10.Колледж қызметкерлерінің бас қосуларына,жиналыстарына және педагогикалық кеңес отырыстарына қатысуға;
4.11.Атқарылған жұмыстары жөнінде есеп беруге;
4.12.Колледж мүліктерін күтіп ұстауға, сақтауға;
4.13.Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтауға;
4.14.Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысуға, жазғы каникул кезінде жаңа оқу жылына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге;
4.15.Сеніп тапсырған қызметтік міндеттерін адал атқаруға, формальді іс-әрекеттерге жол бермеуге;
4.16.Студенттер білімдерін объективті бағалауға;
4.17.Студенттерге білім беруді сапалы тәрбие берумен ұштастыра жүргізуге.
4.18.Білім алушылардың жеке-дара шығармашылық қабілеттерін анықтау және оның дамуына ықпал етуге;
4.19.Білім алушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға және оны насихаттауға, жыл сайын медициналық тексеруден тегін өтіп тұруға, жан-жақтыбілімді, білікті маман даярлауға міндетті.
5. Қызметкерлердің құқықтары
5.1.Кәсіби қызметін тиімді әрі сапалы, нәтижелі атқару үшін қажетті еңбек жағдайын талап етуге;
5.2.Бекітілген ережелер талаптарына сәйкес біліктілігн көтеруге, аттестациядан өтуге, тиесілі санат алуға;
5.3.Жыл сайынғы ақылы кезекті енбек демалысын пайдалануға;
5.4.Жеке педагогикалық шығармашылық жұмыспен айналысуға;
5.5.Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге;
5.6.Отбасы жағдайына, денсаулығына т.с.с. жағдайларға байланысты қысқа мерзімді жалақысыз демалыс алуға;
5.7.Өз көзқарастарымен сенім білдіру еркіндігіне, сөз сөйлеуге, пікірін айтуға, ұсыныс беруге, талап етуге;
5.8.Әкімшілік бұйрықтар жөнінде шағымдануға;
5.9.Ғылыми зерттеу тақырыптарын еркін таңдауға, оны педагогикалық қызметте пайдалануға;
5.10.Өзінің кәсіптік ұжданын және қадір-қасиетін қорғауға;
5.11.Еңбек шарты бойынша жұмыс берушіден алған міндеттерден орындалуын талап теуге;
6.Білім алушылардың міндеттері
6.1.Мамандығы бойынша жалпы орта білім беретін пәндер мен арнаулы пәндер, шеберлік пен практикалық дағдыларды толық меңгеру;
6.2.Оқу және практикалық сабақтардың барлық түрлеріне тиянақты қатысу, қатыса алмаған жағдайда оқу орнына себептері туралы хабарлау, тиісті құжаттарды көрсету;
6.3.Оқытушылардың тапсырмаларын бұлжытпай орындау;
6.4.Мекемеішілік тәртіп ережелерін қатаң сақтау және жарғы талаптары мен колледжбен жасасқан келісім міндеттерін бұлжытпай орындау;
6.5.Салауатты өмір салтын сақтау, өзінің құқықтарын құрметтеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, өз ортасында абыройлы болуға ұмтылу;
6.6.Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысу;
6.7.Колледж мүлкін сақтау, күтіп пайдалану, бүлдіруге жол бермеу;
6.8.Оқу ақысын дер кезінде төлеу;
6.9.Емтихан, сынақтарға мұқият дайындалу, оны талап деңгейінде тапсыру;
6.10.Өзінің дене бітімі мен рухани дәрежесін жетілдіру;
7.Білім алушылардың құқықтары
7.1.Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
7.2.Мекеме кеңесінің шешімімен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспары, жеделдетілген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
7.3.Өзінің бейімділігі мен қажетіне қарай қосымша білім беру қызметін пайдалануға, білім алуға, баламалы курстар таңдауға;
7.4.Мекемені басқаруға қатысуға;
7.5.ҚР құқықтық-нормативтік актілерінде белгіленген тәртіппен оқу орнына қайта қабылдануға және біреуінен екіншісіне, мемлекеттік емес оқу орнынан мемлекеттік оқу орнына ауысуға;
7.6.Колледж кітапханасының ақпараттық ресустарын тегін пайдалануға, оқулықтармен тегін қамтамасыз етілуге;
7.7.Өз пікірін, ұсыныстарынеркін білдіруге;
7.8.Өзінің құқығы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
7.9.Оқудағы табыстары үшін көтермеленуге;
7.10.Бір немесе бірнеше мекемеде бір мезгілде оқуға;
7.11.Мұғалімді ауыстыру жөнінде ұсыныс беруге;
7.12.Ғылыми зерттеу, жоба жұмыстарына қатысуға;
7.13.Білім алушыларға қатысты мәселелерді шешуге қатысуға;
7.14.Оқушылар (студенттер) қоғамдық бірлестіктерін құруға;
7.15.Сабақтан тыс іс-шараларға қатысуға, оны ұйымдастыруға;
7.16.Өзінің рухани болмысын, дене бітімін жетілдіруге, түрлі секциялар мен қосымша сабақтарға, білім сайыстарына қатысуға;
7.17.Қанағаттанарлық немесе одан төмен баға алған жағдайда оны көтеріңкі бағаға келтіру үшін қайта дайындалып келіп тапсыруға;
7.18.Колледждегі электронды техникалық құралдарды пайдалануға;
8.Мекеменің құрылымы, басқару тәртібі, құзіреті
8.1.Колледждің құрылымдық жүйесіне оқу, тәрбие, оқу-өндірістік, ғылыми-әдістемелік, кадрлар бөлімі, шаруашылық, есеп-қисап, бөлімшелері кіреді.
8.2.Директор орынбасарларын, бөлім басшыларын колледж директорыеңбек шарты бойынша тағайындайды, олар директор алдында атқарылған қызметтік міндеттері жөнінде есеп береді.
8.3.Колледждің жоғары басқару органы педагогикалық кеңес болып табылады.
8.4.Педагогикалық кеңес аралығында ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру, педагогикалық кеңес қабылдаған қаулылардың орындалу барысын анықтау, жаңа оқу жылына, күзгі қызқы мерзімге дайындық, ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы, колледждегі ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібінің, қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, материалдық базаны нығайту, оқыту сапасын арттыруға бағытталған кабинеттер мен лаболаторияларды жабдықтау, жарықтандыру, безендіру, көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, оқушылар мен студенттердің сабаққа қатысуы, әдістемелік комиссиялардың қызметі, тәжірибе жинақтау, тарату, жаңа оқыту технологиясын енгізу, оқыту сапасымен студенттер білім сапасын арттыру жолдары және білім алушылар мен педагог қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу,оқу өндірістік практик, өндіріс орындарымен байланыс, оқу бағдарламасының орындалуы, құжаттарды режелер талаптарына сай жүргізу, бағалардың объективтілігі туралы мәселелер директор жанындағы мәжілісте қаралады. Мәжіліс қараған мәселелер туралы шешім шығарады, хаттамалар жүргізіледі.
8.5.Оқытушылар қызметін ғылыми-әдістемелік бағытта үйлестіру, инновациялық тұрғыда жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, тарату, оларға шығармашылық, ғылыми – әдістемелік еңбектерін жинақтау, әдістемелік кабинетті безендіру, оны түрлі әдебиеттермен, қосымша оқу материалдарымен, озық тәжірибелер талдамаларымен, әдістемелік нұсқаулықтарымен, журналдармен , колледж ғылыми кеңесінде талқыланады. Кеңес тиісті қаулы шығарады.
8.6.Бөлімшелер жұмысын ұйымдластыружауапкершілігі директор орынбасарлары мен бөлімше басшыларына жүктеледі.
8.7.Орынбасарлар мен бөлімше басшыларының қызметтік міндеттерді педагогикалық кеңесте бекітіледі, бұйрықпен рәсімделеді.
8.8.Басшылық құрамы мүшелері қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін, жоспарларын талап деңгейіне сай орындуына күнделікті бақылау жасайды, және жауап береді.
8.9.Директор орынбасарлары мен бөлім басшылары қабылданған іс-жоспарлардың толық орындалуына тікелей жауапты болады. Жоспарланған іс-шараны жүзеге асыру үшін қызметкерлерді жұмылдырады, іс-шараның сапалы өтуін қадағалайды.
8.10.Оқушылар мен студенттер білім сапасын анықтау мақсатында әкмішілік тарапынан бақылау жұмыстарын алуды ұйымдастырады, комиссия құрады, мқорытындысы туралы педагогикалық кеңестің қарауына шығарады.
8.11.Орынбасарлар мен бөлімше басшылары өздерінің қызметтік міндет бөлістері шеңберінде директор алдында және педагогикалық кеңесте есеп береді.
8.12.Колледж қызметкерлері тарапынан ішкі тәртіп ережелері мен еңбек тәртібі бұзылған жағдайда баяндау хат арқылы колледж директорынан тәртіптік жаза қолдану туралы талап қояды.
8.13.Орынбасарлар мен бөлімше меңгерушілері өз қызметтік міндеттері бойынша іс - қағаздарының іс номенклатурасына сәйкес жүргізеді.
8.14.Оқу жылының соңынан жаңа оқу жылына дейін колледжге талапкерлерді тарту, жинау, үгіт-насихат, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізумәселесімен тікелей шұғылданады. Жаңа оқу жылындағы білім алушылар санын қажетті мөлшерге дейін жеткізудің барлық мүмкін шараларын жүргізеді.